Әйгілі сән дизайнері Иссей Мияке 84 жасында дүниеден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіл әлемге әйгілі жапондық сән дизайнері Иссей Мияке 84 жасында бауыр ісігінен көз жұмды. Ол ультразаманауи силуэттер мен бүктелген маталарды қамтитын революциялық сән үлгілерімен танымал, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Казунари Мияке елдің батысындағы Хиросима қаласында дүниеге келген. 2010 жылы ол сән индустриясына қосқан үлесі үшін Жапонияның Мәдениет орденін алды, ал 2016 жылы француз үкіметі оны Құрметті легион орденімен марапаттады.

Мияке 1999 жылы брендтің негізгі сән топтамаларын жасаудан шығып, жаңа дизайнерлерді оқытуға кірісті. Сонымен қатар, көптеген жаңа жобаларды қолға алды, соның ішінде Токионың Роппонги ауданында дизайн музейін ашты, 21_21 Design Sight жасады.

Сондай-ақ, 2011 жылғы наурызда ұлы шығыс-жапон жер сілкінісінен зардап шеккеннен кейін, Тохоку аймағының мәдениеті мен киім үлгілеріне назар аударту мақсатында көрме өткізді.

Айта кетсек, Apple бас директоры болған Стив Джобс дизайнер Иссей Мияке сән үйінің қара водолазкаларын киген.



Фото: english.kyodonews.net




Соңғы жаңалықтар