Әйгілі сақтандыру компаниясының экс-басшылары 15 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «AMANAT INSURANCE» сақтандыру компаниясының бұрынғы басшылары 15 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотталушылар сақтандыру компаниясынан 31 000 000 теңге өндіріп алмақ болған.

Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімін Алмалы аудандық сотының судьясы шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, компанияның бұрынғы басқарушы директорлары, үш әйел бөтеннің қаржысын алаяқтық жолмен жымқырып келген.

Жәутікова Гүлжан мен Писарева Светлана сол кездегі басқарма төрағасының кеңесшісі Сейітова Зәуремен бірлесе отырып, өздерінің еңбек келісімшартына қосымша жалған келісім дайындаған.

Осылайша осы құжатпен олар басқарма төрағасының міндетін атқарушыны сотқа беріп, өтемақы төлеуін талап еткен. Нәтижесінде сот олардың шағымын қанағаттандырып, Писареваға - 628826 теңге, Жәутіковаға - 606 677 теңге өтемақы төленді.

Өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында олар жалған келісімшарт бойынша тағы да өтемақы талап етіп сотқа жүгінеді. Сейітова Зәуре өз кезегінде олардың арызын қолдайды.

Сот шешімімен Писарева мен Жәутіковаға 1 218 986 теңге және сәйкесінше  1 215 008 теңге берілді.

«Осылайша бұл үш әйел өзара сөз байланыса отырып, өздерінің қызметтік лауазымын пайдаланып, бөгденің мүлкін қымқырғаны әшкерленді. Сотталушылардың кесірінен «AMANAT INSURANCE» сақтандыру компаниясы АҚ-на аса ірі мөлшерде 3 669 497 теңге материалды шығын келтірген», - делінген хабарламада.

Мұнымен қоймай арызданушылар тағы да сотқа шағым түсіріп бұзылған құқықтары үшін 31 200 000 теңге өтемақы талап еткен.

Алайда аудандық сот олардың бұл арызын қанағаттандырусыз қалдырады.

Компанияның экс директорлары Аудандық соттың шешімін аппеляцияға береді. Аппеляциялық коллегия олардың шағымын ішінара қанағатандырып, екеуіне 13 800 000 теңге мен 17 400 000 теңге көлемінде өтемақы төлеуді талап етті.

Бірақ кассациялық сот коллегиясы аппеляциялық соттың үкімін бұзып, аудандық соттың үкімін өзгеріссіз қалдырылды.

«Осылайша компанияның бұрынғы директорлары Писарева, Сейітова, Жәутікова үшеуі өзара ымыраласа отырып, 31 200 000 теңге көлемінде ақша өндіру туралы ой-пиғылдарын жүзеге асыра алмай қалды», - делінген үкімде.

Сот шешімімен сотталушы үш әйелдің әрқайсысы ҚР ҚК 385-бабының  2-бөлімімен, 190-бабының 3-4 бөлімдерімен, 24-бабының 3-бөлімімен айыпты деп танылып 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда ҚР «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай рақымшылық» туралы заңының 4-бабына сәйкес әрқайсысының сотталу мерзімі 2 жыл 5 айға қысқарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар