Әйгілі футболист Ф. Кануте ауыз бекіткен кемтар жігітке 1 мың фунтты садақа етті

None
None
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Тоттенхэм футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Фредерик Кануте сал болып арбаға таңылған мұсылманға оразаны дұрыс ұстауы үшін 1 мыңға жуық фунтты садақа етті.

«Жуырда ғана Дерби университетінде журналист мамандығы бойынша диплом алып шыққан Имран Адам осымен оныншы жыл қатарынан ораза ұстап келеді. Алайда, сырқатына байланысты ол өзгелердің көңілі мен көмегіне мұқтаж екенін айта кету керек»,- деп жазады muslim.kz сайты.

Арбаға таңылған Имран Адам Фредерик Канутенің бұл жәрдеміне риза екенін айтып, алғысын білдірді. Кануте Тоттенхэмнің және Испаниядағы Севиляның шашбауын көтеріп, футбол алаңында ойын өрнегін көрсеткен атақты ойыншылардың бірі. Оның Севильде келісімшарт бойынша ғибадат үйінің қызметін атқарып келген ғимараттың пайдалану мерзімі біткен соң, оны мұсылмандардың игілігі үшін сатып алып, тағы бір сауапты іске мұрындық болғаны бар. И. Адамға қаржыны Канутенің қайырымдылық қоры аударды. Аталмыш қор жетім қалған балалар мен Малидегі жағдайы нашар отбасындағы балаларға көмек көрсетумен айналысады.

Фредерик Кануте Исламды осыдан 12 жыл бұрын 20 жасында қабылдаған болатын. Оның құмар ойын веб-сайтының жарнамасы бейнеленген «Севиль» жейдесін киюден бас тартқаны әлі күнге дейін қалың жұртшылықтың есінде. «Букмекерлік қызмет - ібілістің лас тірлігі, мен мұндай жейдені кимеймін, бұған Құранда тыйым салынған», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар