Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Әйгілі «Форсаж» фильмінің эпизоды Қазақстанда түсірілуі мүмкін

2019 жылғы 17 маусым 21:06 1484
Бөлісіңіз:
Әйгілі «Форсаж» фильмінің эпизоды Қазақстанда түсірілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйгілі «Форсаж» фильмінің продюсері Нұр-Сұлтан қаласынан фильмге арналған локация қарастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Universal Pictures кинокомпаниясының өкілдері Қазақстанға келіп, фильмнің эпизодын түсіруге арналған локациямен танысты. Әрине фильмді түсіру түсірмеуді продюсерлері шешеді. Дегенмен «Форсаж» фильмі болмаған жағдайда басқа жобаларды іске асыру жоспарда бар», - деді «Жаһандық саясат бастамалары» компаниясының президенті Джей Фитлук ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, компания басшысы американдық кинокомпаниялардың өз қаражаттары мен мүмкіндіктерін саяси тұрақты елдерге бағыттайтынын айтып өтті.

«Қазақстан бұл бағытта қауіпсіз ел. Сонымен қатар сіздердің елдеріңізде қайталанбас ландшафттар, инфрақұрылым және жергілікті кәсіби мамандар бар. Осы тұрғыда қазақстандық кино саласы мамандарымен бірлесіп бірнеше кинотуындыларды жасап шығаратынымызға сенім артамын», - деді ол.

Өз кезегінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Андрей Хазбулатов «Форсаж» фильмінің түсіріліміне қатысты өз пікірін білдірді.

«Фильм авторларын елордадағы жарыс автомобильдеріне арналған алаң қызықтырды. Ол бойынша қазіргі уақытта келісім жасалу үстінде, бірақ толықтай құжаттар рәсімделген жоқ», - деді А. Хазбулатов.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT