Әйелсіз отбасы болмайды – Меруерт Өтекешева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақтың Қыз-Жібегі, танымал кино және театр әртісі Меруерт Өтекешева еліміздің қыз-келіншектерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біз Бибігүл Өтекешеваны күтпеген жерден елорданың әуежайынан кездестіріп қалдық. Әуежай қызметкерлері өнер жұлдызын келіп қалған Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Өнер майталманы Қостанай қаласына ұшып бара жатыр екен.

«Мерекені кешеден бастап сезініп жатырмын. Қазақ ұлттық өнер университетінде дәріс беремін. Бізде салтанатты шара өтті, содан келе жатырмын. Біздің ректор белгілі музыкант, танымал скрипкашы Айман Мұсақожаеваның өзі. Салтанатты шараға әртістермен қатар студенттер де қатысты. Сондықтан бізде мереке кеше басталып кеткен», - деді Меруерт Өтекешева елорда әуежайында тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, әйел заты әр отбасының құты.

«Біз Отанымызды сүйеміз. Әйелсіз отбасы болмайды. Әйел ол – қарындас, әпке, ана, әже. Біз елімізде өмір сүріп, жақсылық жасау үшін өзімізді қорғауымыз керек. Барлық әйел затына денсаулық пен отбасылық жақсылық тілеймін. Әрине, Отанымыз тыныш болсын. Біздің ел ұлылар өмір сүрген қасиетті жер. Сондықтан да барша жанға жақсылық, бейбітшілік пен тыныштық тілеймін», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елорда әуежайының қызметкерлері әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады.


Соңғы жаңалықтар