Әйелінің бетін тілгілеп тастаған ақтөбелік сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде сотталушы С.Бекеновке қатысты қылмыстық іс аяқталды. Сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№2 Ақтөбе қалалық сотында сотталушы С.Бекеновке қатысты қылмыстық істің үкімі оқылды. Әйелінің бетін тілгілеп тастаған ақтөбелік Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпты деп танылды.

«С.Бекенов Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін», - деді судья Жанат Қуанышов.

Айта кетейік, сотталушы С.Бекеновтың кінәсі толық дәлелденді. №2 қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленуші сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұраған. Дегенмен сот қылмыстық істің ауыр, қоғам үшін қауіпті екенін назарға алды.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар