Әйелінен қорыққан Павлодар тұрғыны «мені ұрлап кетті» деп өтірік айтқан
2020 жылғы 19 қараша 18:00

Әйелінен қорыққан Павлодар тұрғыны «мені ұрлап кетті» деп өтірік айтқан

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – 19 жастағы Альберт Мухамадеев 16 қарашада Павлодар қаласы маңындағы Ленин кентіндегі үйінен шығып, келесі күні ғана іздестіріліп жатқанын білген. Содан кейін анасы мен әйеліне хабарласып, өзін біреулер зорлықпен ұстап отырғанын жеткізген, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бірнеше күн бұрын Instagram-дағы павлодарлық пабликтерде 19 жастағы Альберт Мухамадеевтің жоғалғаны туралы ақпарат жарияланды. Екі күн бойы жігітті тек полицейлер ғана емес, еріктілер де іздеді. Іздеу нәтижесінде жас жігіт аман-есен табылды», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, ол 16 қарашада Ленин кентіндегі үйінен жұмысына қарай бет алған.

Алайда жол бойында танысының қызын кездестіріп қалып, онымен бірге Павлодар хромзауыты шағынауданындағы танысына қыдырып кеткен.

«Осы уақыт ішінде жігіт сонда болған. Оны тапқан сәтте өзін біреулер ұрлап, екі апта қорқытып ұстады дегенді айтқан. Алайда іс жүзінде жігіт екі күн бұрын үйінен кетіп қалған және ұрлау фактісі болмаған», – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.



Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT