Әйелін соққыға жыққан Бауыржан Ашығалиев қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы әйелін соққыға жыққан гитарашы Бауыржан Ашығалиевті уақытша ұстау изоляторына қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полиция департаменті Б.Ашығалиевті ҚР ҚК-нің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамады.

Таяу арада оның ісі сотқа жіберіледі. Тергеу кезінде ол қамауда болады.

Еске салайық, Б.Ашығалиевтің үстінен ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Jackpot» тобының әншісі Ксения Ашығалиева мен оның күйеуі, гитарист Бауыржан Ашығалиевтің арасындағы отбасылық дау-жанжал көпшіліктің назарына іліккен еді. Әнші өзінің басынан өткен жайтты әлеуметтік желі арқылы жариялады. Оның айтуынша, күйеуі оны жертөлеге апарып, ұрып-соққан.

Соңғы жаңалықтар