+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Әйелін өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған: Қостанайда ер адам сотталды

2021 жылғы 26 шілде 16:53
Бөлісіңіз:
Әйелін өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған: Қостанайда ер адам сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда отбасылық жанжал кезінде әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да өрт сөндіру бөлімінің бастығын өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен жұбайын өлтіргені үшін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының тұрғыны М. сотталды.

«2021 жылғы 6 наурызда М. Әулиекөл ауданы Лаврентьевка кентінде болған жанжал барысында ол әйелін басына таққан орамалымен қылқындырып өлтірген. Қылмыстың ізін жасыру және қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында М. әйелінің мәйітін ескі құдыққа лақтырған» деп хабарлады облыстық сот.

М. кінәсі оның мойындауымен, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарымен, оның ішінде сот сараптамасының қорытындысымен дәлелденді.

«М-ның бірінші рет сотталып отырғанын, кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін, кінәні ауырлататын мән-жайлардың жоғын ескере отырып, сот оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленуші тарапқа моральдық зиянды өтеу есебінен 5 млн теңге және 500 мың теңге өкілдік шығыстар өндіріп алынды», - деп қорытындылады сотта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT