Әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген елорда тұрғыны сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғынына қатысты қылмыстық  істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кылмыстық қудалау органы Н. есімді азаматқа қасақана кісі өлтірді деген айып таққан. Іс материалынан анықталғаны, Н. қызғаныш салдарынан мас күйінде әйеліне пышақ салып, нәтижесінде ол көз жұмады. Сот Н.-ны адам өлтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 99 б. 1 б.) кінәлі деп танып, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.

Үкімге апеляциялық шағым беріліп, өзгеріссіз қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар