«Әйелім дертке ұшырады»: Өскемен тұрғыны алаяққа 2 млн теңге берген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны алаяққа алданып, 2 млн теңгесінен айырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі полиция бөлімшелерінің біріне 31 жастағы ер адам жүгінген. Өз сөзінде ол алаяқтың арбауына түсіп, 2 млн теңге шығынға батқанын жеткізді.

Белгілі болғандай, жәбірленушіні сөзге тартқан танысы ауыр дертке ұшыраған әйеліне шұғыл түрде ота жасату қажеттігін айтқан. Бұған сенген азамат әуелде 500 мың теңге берді. Кейін тағы 1,5 млн теңге сомасына несие ресімдеп, алаяқтың қолына ұстатқан.

«Жедел іздестіру-шараларын жүргізген полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Ол бұрын сотталмаған, жұмыссыз, 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - дейді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.




Соңғы жаңалықтар