+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Әйелді зорлаған күдікті тырнақ егеуіштің көмегімен табылды

2018 жылғы 16 қаңтар 14:41
Бөлісіңіз:
Әйелді зорлаған күдікті тырнақ егеуіштің көмегімен табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 37 жастағы әйелге зорлық-зомбылық көрсеткен күдікті ұсталды. 1976 жылғы азаматты полицейлер 14 қаңтар күні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Көксу ауданының Балпық би ауылында болған. Өткен жылдың 19 қарашасы күні облыс орталығына жұмысқа бара жатқан әйелді белгісіз ер адам зорлап кеткен. Қасқой өзінің арам-пиғылын жүзеге асырмақ болып, бірнеше күн бойы жәбірленушіні аңдыған көрінеді. Себебі, зорлау фактісі таңғы сағат 5-6-лар шамасында халық көп жүрмейтін жерде болған. Қатты шошынған әйел тәртіп сақшыларына күдіктінің келбеті жайлы толық ақпарат бере алмаған. Бірақ жәбірленуші өзін зорлаған қылмыскердің қолын тырнақ егейтін құралмен жарақаттағанын айтқан.

«Жедел іздестіру барысында Көксу ауданының полицейлері 1976 жылғы күдіктіні ұстады. Қолға түскен азамат әйелді зорлағанын мойындады. Бірақ оның осы қылмысқа қатысы бар екені тағайындалған сараптама барысында анықталды. Мәселен, әйелдің тырнақ егеуішінде қалған ер адамның қаны және жәбірленушінің киіміне жағылған қан күдіктіге тиесілі екені дәлелденген», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, күдікті азаматтың отбасы жоқ. Осы ауылда тұратын туыстарымен жақын араласпайды. Зорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 120-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Қазір күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Ал жәбір көрген 37 жастағы әйелдің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT