Әйелді электрошокермен қорқытып, тонамақ болған қостанайлықтар қолға түсті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы ІІБ «Солтүстік» бөлімшесінің қызметкерлері әйелді тонамақ болған қала тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ер адам өздерін коммуналдық қызмет мамандары деп таныстырып, әйелді тонамақ болған. Олар жәбірленушіні электрошокермен қорқытқан. Бірақ, әйел бұзақыларға қарсы тұрып, көмек шақырды.

«Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел із кесу шаралары барысында 31 және 37 жастағы Қостанай қаласының тұрғындары қолға түсті. Оларға қатысты ҚР ҚК 192-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліуде», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер күдіктілердің 2017 жылдың тамыз айында Қостанайдағы спорт кешенінде 2 млн теңге ұрлағанын анықтады. Іс тергеліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар