+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жүкті әйелге вакцинаны қашан алуға болады

2021 жылғы 6 қазан 19:27
Бөлісіңіз:
Жүкті әйелге вакцинаны қашан алуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдерге жүктіліктің қанша аптасынан бастап вакцина алуға болады? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізілмейді – Білім министрлігі Алматыда коронавирус жұқтырған 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Өзбекстан билігі ел тұрғындарын Жаңа жылды отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуға шақырды

«Бұл мәселені, әйелдер жүктіліктің қандай аптасында вакцина алуына болатындығын анықтау үшін Иммунизация жөніндегі комиссияның қарауына енгіздік. Бірақ, тұмауға қарсы вакцинацияны мысалға алып айтар болсақ, жүкті әйелдерге 2012 жылдан бері тұмауға қарсы екпе жасап келеміз. Жүкті әйелдерге жүктіліктің 15 және одан жоғары апталарынан бастап тұмауға қарсы вакцина алуына рұқсат беріледі. Яғни, қазіргі уақытта ғалымдарымыз жүктіліктің қанша аптасында вакцина алуға болатын мерзімді қарастырып жатыр», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін Айжан Есмағамбетов балалар мен жүкті әйелдерді вакциналау үшін елімізге Pfizer вакцинасының 4 млн дозасы жеткізілетінін айтқан еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT