+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»  республикалық акциясы Маңғыстауда жалғасын тапты

2020 жылғы 30 қараша 16:39
Бөлісіңіз:
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»  республикалық акциясы Маңғыстауда жалғасын тапты

АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы Маңғыстауда жалғасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шараның мақсат - әйелдерді өз құқықтары туралы хабардар ету, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасының қоғамдағы рөлін күшейту.

Акцияның негізгі бөлігі қиын отбасылар мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарға бару болды. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрі - отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, яғни ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдар. Зейнеткерлер де зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатады. Бүгінгі таңда қоғамда зорлық-зомбылық, денеге зиян келтіру және моральдық зиян келтіру фактілері жиі кездеседі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Маңғыстауда 167 отбасы полиция есебінде тұр. Көбіне отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары дене жарақатын алады. Моральдық зиян шегедді. Бүгінде аумақтық ішкі істер органдарында 167 отбасы есепте тұр. Осы жылдың 11 айында 2 441 қорғау ұйғарымы шығарылды. Полиция қызметкерлері мұндай отбасылардың жағдайын қалыпқа келтіріп, заңсыз әрекеттердің қайталануына жол бермес үшін үнемі қадағалап отырады.

Көптеген адамдар мұндай жағдайларда қайда бару керектігін білмейді немесе олар одан әрі ушығып кетеді деп қорқады. Осыған байланысты осындай мәселелерді түсіндіру бойынша кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізу қажет. Әйелдер мен балаларды қорғау-қоғамның басты міндеті.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болсаңыз немесе өзіңіз оның құрбаны болсаңыз , полицияға «102» нөмірі бойынша, учаскелік пунктке, сондай-ақ, Әйелдердің құқықтарын зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефонына МО ПД ЖПҚБ 8 (7292) 474750 (жұмыс уақытында, жұмыс күндері қоңырау шалу). Сондай-ақ, 35 шағын ауданда «Рай»әлеуметтік шұғыл көмек орталығына жүгінуге болады. Сондай-ақ, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап республикада «111 шұғыл қызметі» байланыс орталығы іске қосылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT