Әйелдердің шомылу киімін киген ұры ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Әйелдерге арналған шомылу киімін киіп, өзен жағасында жүрген семейлік жігіт қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

30 жастағы қала тұрғыны әйел адамдардың шомылуға арналған киімін киіп Ертіске демалуға барған. Мұны көрген демалушылар оны «нәзік жанды» жігіттердің қатарына қосқан. Осылайша көпшіліктің көңілін өзіне аударған азаматты полиция қызметкерлері дереу ұстап, Әуезов полиция бөліміне жеткізді. Ол әйелдердің шомылу киімін ерлердің күреске киетін формасымен шатастырып алғанымен түсіндірді. Бірақ оны ұрлап алғанын жасырмады. 

"Семей қалалық Ішкі істер бөліміне қаладағы базарлардың бірінің бутик иесі арызданған. Айтуынша, белгісіз біреу  бутиктің құлпын бұзып, ішіндегі киім-кешектерді қолды еткен. Жалпы шығын көлемі - 900 мың теңге. Оның ішінде әйелдердің шомылуға арналған киімі де болған. Полиция қызметкерлері 1 апта бойы ұрының жеке тұлғасын анықтауға тырысқан. Ақыры, Ертісте демалып жүрген жерінен қолға түсірді», - делінген   департамент таратқан ақпаратта.

null

Сонымен қатар азамат тергеу кезінде басқа да ұрлықтарға қатысы бар екенін мойындады. Ол көрші дүкеннен бір қап картоп, бір қорап қызанақ және қияр ұрлағанын айтты. Бұған дейін бірнеше рет «Ұрлық» бабы бойынша сотты болған азамат  уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.  Қазір сотқа дейінгі жұмыстар жүріп жатыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар