Әйелдердің баруына тыйым салынған жапон аралы ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тек ер адамдардың ғана кіруіне рұқсат етілген көптеген ғибадат кешендері орналасқан Жапон аралы Окиносима (Фукуока префектурасы) ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілді, деп хабарлайды moya-planeta.ru .

Окиносима аралы Фукуока префектурасының оңтүстік батысында орналасқан. Ондағы көптеген ғибадат кешендерінде Жапонияның ұлттық құндылығы саналатын 80 мыңнан астам көне жәдігерлер сақталған.

Бұл аралға әйелдер қауымының кіруіне рұқсат етілмейді. Ер адамдардың өзі жылына бір-ақ рет, 27 мамыр күні аралда діни фестиваль өткізілгенде кіреді. Окиносиманы бір уақытта 200 адам ғана көре алады және олардың аралға барғандығы туралы баяндауға немесе аралдан қандай да бір зат алып шығуына қатаң тыйым салынған.

Қалған уақыттың бәрінде 700 шаршы метрді қамтитын Окиносимада бір ғана монах өмір сүреді. 

Соңғы жаңалықтар