Әйелдерді кемсіту әрекеттерін жою: Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы алтыншы кезеңдік баяндаманың жобасын дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы алтыншы кезеңдік баяндаманың жобасын дайындау мақсатында:

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы алтыншы кезеңдік баяндаманың жобасын дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын.

2. Жұмыс тобы 2023 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы алтыншы кезеңдік баяндаманың жобасын дайындасын және ҚР Үкіметі Аппаратының қарауына енгізсін.

3. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізілсін», - деп жазылған Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған өкімде.

Бекітілген комиссияның құрамына мына лауазымдағы тұлғалар енді:

- Премьер-Министрдің орынбасары, төраға;

- Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары;

- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы, хатшы;

- Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

- Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары (келісім бойынша);

- Сот әкімшілігі басшысының орынбасары (келісім бойынша);

- Бас Прокурорының аға көмекшісі, Бас прокуратура Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бөлім басшысы (келісім бойынша);

- Қорғаныс министрінің орынбасары;

- Сыртқы істер министрінің орынбасары;

- Ішкі істер министрінің орынбасары;

- Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

- Ғылым және жоғары білім вице-министрі;

- Денсаулық сақтау вице-министрі;

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

- Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;

- Мәдениет және спорт вице-министрі;

- Оқу-ағарту вице-министрі;

- Ұлттық экономика вице-министрі;

- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

- Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары.


Соңғы жаңалықтар