Әйелдер вагоны тағы үш бағытқа қатынайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы әйелдер вагоны тағы үш бағытқа қатынайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әйелдер вагондарына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қозғалыс географиясын кеңейтуді жалғастыруда. Вагондар №3/4 «Астана – Алматы», №33/34 «Алматы – Ақтөбе» және №71/72 «Астана – Шымкент» бағытындағы үш пойыздың құрамына енгізіледі», - деп жазды компаниядан.

Айта кетейік, пилоттық режимде бұл қызмет 2021 жылы енгізілген. Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып №77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы – Өскемен» пойыздарының жолаушылары бағалады.

2022 жылдың ақпан айынан бастап компания әйелдер вагондарының санын арттырды. Ол №37/38 «Маңғыстау – Семей», №47/48 «Астана – Атырау» және №45/46 «Павлодар – Түркістан» пойыздарының құрамында жүре бастады.


Соңғы жаңалықтар