Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын балуандар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Сочи қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Бас бапкер Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, әлем чемпионатына қатысатын құрамның 90 пайызы анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Бұл күндері Сочи қаласында Ресей, Венгрия, Эстония және Финляндия құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Дайындық жақсы қарқынмен басталды. Әлемдік сын қарсаңындағы соңғы жиынды елде өткіземіз. Нұр-Сұлтандағы әлемдік сынға қатысатын құрамның 90 пайызы анықталды. Тек 53 келіде кімнің кілемге шығатынын шешкен жоқпыз. Осы жиыннан соң нақты белгілі болады», - деді бас бапкер.

Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:

50 келі: Валентина Исламова

55 келі: Марина Седнева

57 келі: Эмма Тисина

59 келі: Мадина Бақбергенова

62 келі: Аяулым Қасымова

65 келі: Айна Теміртасова

68 келі: Ирина Казюлина

72 келі: Жәмила Бақбергенова 76 келі: Эльмира Сыздықова

Соңғы жаңалықтар