Әйелдер қауымы тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жемісті еңбек етіп жүр - Смайылов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады. ҚазАқпарат құттықтау хатының мәтінін жариялайды.

Қымбатты ханымдар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адамзаттың асылы – әйелдер қауымы әр күн сайын еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.

Әр шаңыраққа шуақ шашып, әр ұжымның ұйытқысына айналған Сіздер тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жемісті еңбек етіп жүрсіздер.

Сіздерге бар жақсылық, мықты денсаулық, ырыс-береке, істеріңізге сәттілік тілеймін. Аяулы жандарыңыздың ортасындағы қуанышты сәттеріңіз сарқылмасын!

Ізгі ниетпен, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов


Соңғы жаңалықтар