Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Қызылағаш ауылындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қаржы аударды

None
None
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қызметкерлері және «Сезон» журналының редакциясы Қызылағаш ауылындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек қорына қаржы аударды.

Бұл ақпаратты аталған комиссияның хатшылығы таратып отыр.

«Қызылағаш» су қоймасының жарылуы - бұл тек бір өңірдің ғана емес бүкіл елдің қайғы-қасіреті. Оқиға бүкіл қазақстандықтың жан-жүрегін түршіктірді және ешкімді бей-жай қалдырмады», делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың су тасқыны салдарынан зардап шеккен адамдарға қажетті көмек көрсетуге шақыруына орай мемлекеттік органдар, жеке меншіктің барлық түріндегі ұйымдар, еліміздің жекелеген азаматтары жан-жақты материалдық және моральдық көмек көрсетуде.

«ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қызметкерлері және «Сезон» журналының редакциясы Елбасының шақыруын қолдай отырып, табиғи апаттан зардап шеккен Қызылағаш және Егінсу ауылының тұрғындарына 600 мың теңге көлемінде қаржы аударуға шешім қабылдады», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар