Әйелдер футболы: Испания алғаш рет әлем чемпионы атанды

None
ФОТО: JUSTIN SETTERFIELD/GETTY IMAGES
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионатының финалында Испания мен Англия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Сиднейде өткен матчта испаниялық қыздар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, тарихта тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Екінші орында – Англия, үшінші орында – Швеция. Барлық үш жүлде Еуропаға елдеріне бұйырды.

Айта кетейік, Испания мен Англия құрамалары әлем чемпионатының финалында алғаш рет ойнады. Бұған дейін испаниялық қыздардың ең үздік жетістігі 1/8 финал болған. Ал ағылшын қыздары 2015 жылы әлем чемпионатының қола медаліне қол жеткізген еді.

Биылғы әлем біріншілігі Аустралияда және Жаңа Зеландияда өтті.


Соңғы жаңалықтар