Әйелдер боксынан Олимпиадаға жалғыз жолдама бұйырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде әйелдер боксынан Қазақстан құрамасына жалғыз жолдама бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

75 келіде ел намысын қорғап жатқан қазақстандық боксшы Надежда Рябец аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер командасынан жалғыз жолдамаға иелік етті.

Ол ширек финалда вьетнамдық Нгуенмен кездесіп, нәтижесінде төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Ерік Алғабек жаттықтыратын Қазақстан әйелдер командасынан аталған турнирге барған боксшылар арасынан жалғыз өзі Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

Ерік Алғабек әйелдер боксынан олимпиадалық іріктеу турниріне 5 салмақтан 5 боксшы алып келген болатын. Өкінішке қарай соның біреуі ғана Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетсек, лицензия үшін таласты бірінші болып бастаған Дәметкен Келімбет (57 келі) қытайлық Инь Юнхуаға жол берсе , Римма Волосенко (60 келі) үндістандық Симранджиткаур Бааттан жеңілді .

Ал, 69 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан боксшымыз Хальзова ширек финалда қытайлық Хон Гуданға жол беріп, Олимпиада жолдамасынан тыс қалды
Соңғы жаңалықтар