+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Әйелдер боксынан Олимпиада лицензиялары үшін айқасатын спортшылар анықталды

2020 жылғы 19 ақпан 15:47
Бөлісіңіз:
Әйелдер боксынан Олимпиада лицензиялары үшін айқасатын спортшылар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер боксынан Қазақстан командасының бас бапкері Ерік Алғабек 28 ақпан күні Иорданияда өтетін Азия/Океания аймақтық Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын боксшылар тізімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан Лондонда өтетін еуропалық іріктеу турнирі тоқтатылды Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі кейінге қалды Боксшылар Қазақ елінің үмітін ақтады - ұлттық құраманың бас бапкері

«51 келі салмақта Ангелина Лукас жолдамаға таласады. Ол өзі қатысқан соңғы халықаралық турнирлердің бәрінен алтын алды. Яғни, сыртта өтетін жарыстарға психологиялық түрде дайын екенін көрсетті. 57 келіде Дәметкен Келімбетке сенім артамыз. Бұл салмақта ең соңғы күнге дейін іріктеу өтіп, таңдау Дәметкенге түсті. Ол Голландияда өткен турнирде өзін жақсы жағынан көрсеткен еді. 60 келінің сөзсіз үздігі – Римма Волосенко. Ол әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Сол біріншілікте жеңілді деп айтуға аузымыз бармайды. Қарағандыдағы Ғалым Жарылғаповты еске алуға алған турнирде және Венгриядағы бәсекеде жеңімпаз атанды. Ал 69 келіде Валентина Хальзова ел намысын қорғайды. Ол әлем чемпионы әрі Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Хальзова декреттік демалыстан ұлттық құрамаға жақында оралды. Мұндай тәжірибелі спортшының қатарға қосылғаны қуантады. Ол бабында. Нидерландта өткен халықаралық сында Олимпиада ойындарының жүлдегеріне қарсы жақсы кездесу өткізді»,- дейді бас бапкер.

«75 келіде Надежда Рябец бақ сынайды. Надя жастар командасынан ересектер қатарына енді өтті. Жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері. Енді Токио Олимпиадасына қатысу үшін барын салады. Лицензия алатын мүмкіндік барлығында бар. Бұдан бөлек, Парижде өтетін әлемдік іріктеу сынына да дайындаламыз. Францияда екінші және үшінші құрам боксшыларын сынап көрмекпіз. Өйткені, бәсекелестік жоғары. Тіпті, мұндай бәсекелестік ерлер құрамасында да жоқ шығар. Команда қазір бабында».


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT