«Әйелдер арасындағы GGG» атанған қазақ қызының қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың (3-0-1) кезекті қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мұхиттың ар жағында «Спарта Ледиі» және «Әйелдер арасындағы GGG» атымен танымал болған отандасымыз өзінің келесі жекпе-жегін 15 маусымда Индастри қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) өткізеді.  Ол кәсіби рингтегі жергілікті дебютант Пеппер Шэниан Диксонмен айқасады. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде болады және төрт раундқа созылмақ.

Еске сала кетейік, Сатыбалдинова Тихуанда (Мексика) өткен соңғы айқасында төрешілердің шешімімен мексикалық Аннетте Пабельоны жеңіп, WBF International тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін иемденген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар