Әйелдер арасында бокстан жазғы спартакиада жеңімпаздары анықталды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында әйелдер боксынан Қазақстанның VI жазғы спартакиадасы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, төрт жылда бір рет өтетін айтулы дода қорытындысында олимпиадаға қажет ұпайлар сарапқа салынатын Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар анықталды.

Жарыста 19 өңірден келген 90-нан астам былғары қолғап шебері бақ сынады.

Олардың арасында Үндістанда өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері, ұлттық құраманың өзге де мүшелері болды.

Салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар:

48 кг: Алуа Балқыбекова (Алматы қ),

50 кг: Назым Қызайбай (Алматы қ),

52 кг: Жазира Орақбаева (Алматы қ),

54 кг: Жайна Шекербекова (Шымкент қ),

57 кг: Карина Ибрагимова (Ақмола обл),

60 кг: Римма Волосенко (Астана қ),

63,5 кг: Аида Əбікеева (Астана қ),

66 кг: Наталья Богданова (Петропавл қ),

70 кг: Мәдина Нұршаева (Шымкент қ),

75 кг: Валентина Хальзова (Астана қ),

81 кг: Гүлсая Ержан (Қызылорда обл),

+81 кг: Лəззат Күнгейбаева (Астана қ).

Жалпы есепте Астана қаласының командасы 4 алтын, 1 қола медальмен көш бастады.

8 жүлдеге (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) ие болған Алматы қаласы екінші орынға көтерілді. Үздік үштікті Шымкент боксшылары түйіндеді (2 алтын, 4 күміс).

Карина Ибрагимова спартакиаданың үздік боксшысы атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ангелина Лукастың Петропавлдағы турнирдің ширек финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар