Айдың топырағы тиелген Қытай зонды Жерге оралатын модульмен түйісті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Қытайдың «Чанъэ-5» зонды Ай орбитасында орбиталық және оралатын модульдермен сәтті түйісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қытай ұлттық ғарыш басқармасына (CNSA) сілтеме жасап.

Айдағы топырақ үлгілері Жерге оралатын модульге ауыстырылып тиелді. Жалпы 2 келі реголит (Ай топырағы) жиналған.

Еске сала кетсек, «Чанъэ-5» зонды 24 қарашада ұшырылған болатын. Оның құрамы орбиталық, қону, ұшу және оралу модульдерінен тұрады.

1 желтоқсанда қону-ұшу кешені Айға қонды, ал 3 желтоқсанда «Чанъэ-5» зонды топырақ үлгілерін жинауды аяқтап, оны ұшу модуліне апарды.

Оралатын модуль Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономды ауданына қонады деп жоспарланып отыр.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, «Чанъэ-5» зондын ұшыру – ҚХР ғарыш тарихындағы ең күрделі миссиялардың бірі.

Бәрі сәтті аяқталған жағдайда, «Чанъэ-5» зонды 40 жылдан астам уақыттан бері бірінші рет Жерге айдағы топырақ үлгілерін әкелген болып есептеледі. Солайша, Қытай мұндай міндетті орындаған АҚШ пен КСРО-дан кейінгі үшінші ел болмақ.


Соңғы жаңалықтар