Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары оқушылардың көкірегіндегі арманды оятты - 11 сынып оқушысы Айдын Мәуітхан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары оқушылардың көкірегіндегі арманды оятты. Бұл туралы ойымен Алматыдағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Айдын Мәуітхан бөлісті.

Жас оқушы өзінің Айдын Айымбетовпен аттас екендігін мақтан тұтатынын жеткізді. «Менің атымның да Айдын екендігі маған зор жауапкершілік жүктейді. Осы атқа дақ келтірмеу керектігін сезінемін. Ол бізге үлге-өнеге болатын азамат», - деді А.Мәуітхан. Бозбала Айдын Айымбетовтың сапарынан кейін көп жастардың санасында кезінде Талғат Әубәкіров, Талғат Мұсабаевтар ұшқан кездегідей ғарыш кеңістігін бағындыру туралы арманның қайта оянғанын жеткізді. Оның айтуынша, «Байқоңыр» сияқты космодромға ие мемлекет Қазақстан әлі де көп ғарышкерлерді ұшыруы тиіс. «Қазақ тарихында әлі талай ғарышкерлердің аты алтын әріппен жазылатынына сенімдімін. Айдын Айымбетовтың аты біздердің санамызға Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіреді», - деді ол. Айта кету керек, жақында қазақтан шыққан үшінші ғарышкер Айдын Айымбетов Алматыға келеді. Өзінің сапары барысында ол Алматыдағы №159 мектеп гимназиясының ұжымымыен, оқушылармен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар