Айдын Айымбетов тұрғындарға пəтер кілтін табыс етті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығын Алматы облысындағы Қаратал ауданының тұрғындары ерекше сəн-салтанатпен қарсы алды. Мереке қарсаңында 30 отбасы баспаналы болды. Қуаныш иелеріне пəтер кілтін Айдын Айымбетов табыс етті. Жерлестерін қуаныштарымен құттықтап, ізгі ниетін білдірген ғарышкер жаңа пəтерлерді аралап шықты.

Айта кету керек, пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Іргетасы бұзылып, қаланың көркін қашырған нысан толықтай қайта қалпына келтірілді. Бұл мақсатқа биыл облыстық бюджеттен 166 млн. теңге қаржы бөлінді. Тамыз айында басталған жұмыс уақытында аяқталды. Жаңаға бергісіз қалыпқа енген тұрғын үй, ел игілігіне берілді.



Халық қаһарманына Қаратал ауданының əкімі Қайрат Бисембаев құрмет көрсетті. Айдын Айымбетовке "Қаратал ауданының құрметті азаматы" атағы берілді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда аудан бойынша мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Келер жылы 40 пəтерлік коммуналдық үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

null 



null

 null 

Соңғы жаңалықтар