Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Айдын Жұмабекұлы 1976 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қаржы академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық секторда, «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ, ҚР Статистика агенттігінде жұмыс істеді, «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК басқарды.

2019 жылдың қаңтарынан қазірге дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы болып қызмет етті.


Соңғы жаңалықтар