+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Айдос Үкібай: Түркістан өзінің бай тарихында мұндай ауқымды құрылысты көрген емес

2021 жылғы 13 мамыр 19:49
Бөлісіңіз:
Айдос Үкібай: Түркістан өзінің бай тарихында мұндай ауқымды құрылысты көрген емес

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанға жасаған сапарынан кейін өз ой-толғамымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының жақында Түркістанға жасаған сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды. Үш жарым сағат ішінде Нұрсұлтан Назарбаев жеті нысанға бас сұғып, қала мен облыстың даму жоспарларымен танысты, «Керуен-сарай» кешенін аралады», - деп бастады ол сөзін.

Айдос Үкібайдың айтуынша, Елбасы Түркістандағы құрылыстарды оң бағалап, қала шын мәнінде танымастай болып өзгергеніне назар аударған.

«2018 жылдан бастап Қазақстанның рухани астанасын кезең-кезеңмен салу жоспарын іске асыру бойынша орасан зор жұмыс жүргізілді. Бүкіл түркі әлемінің киелі орталығы саналатын Түркістан өз тарихының жаңа әрі жарқын кезеңіне қадам басты. Ата-бабаларымыздың ерлік істері туралы естелікер тұнған рухани шаһар ұлтымыздың болашаққа ұмтылысының тағы бір символына айналды», - деді Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы.

Атап өтілгендей, Түркістанның жаңғыруы облыс орталығына ғана емес, бүкіл өңірге мультипликативті экономикалық әсер берген жобаға айналды.

«Үш жыл ішінде өңірдің өнеркәсіп көлемі 18 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 34 пайызға, шағын және орта бизнестің үлесі 21 пайызға өсті. Осы уақыт ішінде әкімшілік-іскерлік және әлеуметтік-мәдени нысандармен қоса өнеркәсіптік аймақ құрылды. Қала жүз пайыз газбен қамтылды», - дейді А.Үкібай.

Сондай-ақ, ол Түркістанның айналасында ауданы 13 мың гектар болатын жасыл белдеу бой көтеріп келе жатқанын, сол белдеуге 3,5 миллион түпағаш отырғызылғанын айрықша атап өтті.

«Өзінің сан ғасырлық бай тарихында Түркістан мұндай құрылыс ауқымын ешқашан көрген емес. Мұнда инвестициялар тартылуда, мұнда жұмыс орындары құрылуда. Мәселен, облысқа салынған инвестициялар көлемі үш жылда 2,4 еседен астам ұлғайды. Түркістан қаласына 367 миллиард теңгеден астам қаржы инвестицияланды», - деді Айдос Үкібай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT