Айдос Үкібай: Партия миссиясы - саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының миссиясы - саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Мұндай пікірді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін еліміздің бас партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясын одан ары серпілтудің нақты бағдарын айқындады. Бұған қоса, Елбасы экономикалық сектордағы ағымдағы мәселелерге жеке тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев оларды шешу үшін, ең бірінші кезекте шағын және орта бизнес өкілдеріне, сонымен қатар олардың тұтынушыларына, яғни қатардағы азаматтарға әсер ететін бірнеше шараны ұсынды», - деді Айдос Үкібай.

Оның атап өтуінше, Елбасы ұлттық экономиканың түрлі секторларына жасанды интеллек технологияларын енгізу мәселесін бірнеше рет көтеріп отыр. Бұл уақыт талабы. Қазіргі уақытта бұл бастаманы іліп ала кету өте маңызды.

«Отырыстың басты мақсаты мен мәні жоғарыда жатыр. Бұл - саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Біз әлемде не болып жатқанын көріп отырмыз. Адамзат тарихында ұлы нимперилардың күйрегендігі жайында мысалдар аз емес. Осынау барлық катаклизмнің себебі - халық бірлігінің болмауы. Қазақстан 30 жылдың ішінде өте жақсы серпіліс жасады. Қазір де елбасы Қазақстанның басты құндылығы - тәуелсіздік пен халықтар достығын сақтап қалу үшін бар күш-жігерін жұмсауда. Меніңше, отырыстың барлық мессенджінің басты жолданушысы - бұл біздің жастарымыз. Тұңғыш Президент өсіп келе жатқан ұрпақты толғандыратын проблемаларға сан мәрте тоқталды. Елбасы қоғамды толғандыратын толғақты мәселелерді де біледі. Н.Назарбаев атап өткендей, олар жайында үндемей қалуға болмайды. Партия оларды анықтау және шешуге белсенді араласатын болады. Проблема бар. Бірақ оларды бірлесіп, өркениетті жолмен шешу қажет», - дейді Айдос Үкібай.

Елбасының баспасөз хатшысы мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне арналған тармаққа жан-жақты тоқталып өтті. Оның атап өтуінше, Елбасы сөздерінің түпкі мәні адам еңбегінің арқасында өзін және отбасын қамтамасыз ете алады дегенде жатыр. Өмір бойы қоғамның мойнына мініп алып отыруға болмайды. Адамдар мемлекеттік жәрдемақыны күту режімінде қалып қоймай жұмыс істеуге ниеттенуі тиіс.

«Тұңғыш Президент түрлі себептерге байланысты өзі табыс табуға қауқарсыз жандарға ғана қолдау көрсетілуі тиістігін бірнеше мәрте атап өтті. Қорыта келген бүгін Нұрсұлтан Назарбаев барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды еліміздің жоспарлы түрде дамуын және әлемнің дамыған 30 елінің атарына қосылуын қамтамасыз ету мақсатына жұмылуға шақырды. Ал, партия өз тарапынан бұл процессті шоғырландырушы және қозғаушы күшке айналуы тиіс», - деді А.Үкібай.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін елордадағы «Назарбаев орталығында» Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр Асқар Мамин, Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, Үкімет мүшелері, партияның Мәжілістегі фракциясы, облыстардағы филиалдардың жетекшілері қатысты. Отырыс барысында партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен съезд шешімдерінің орындалуы, партиялық қайта серпілтудің негізгі бағыттары және Саяси кеңес бюросы құрамын өзгерту мәселесі қаралды. Елбасы көптің көңілін күпті еткен кезектен тыс Мәжіліс сайлауы, «Nur Otan-нанмын» деуден бұқпантайлайтын шенеуніктер, еліміздің жоғары оқу орындарын жайлаған парақорлық, ел экономикасын көтеру, жастар мәселесі, ауылдарды көркейту, партия фракциясының жұмысын жандандыру жайында кеңінен сөз қозғады.


Соңғы жаңалықтар