Айдос Үкібай Елбасы шешімі туралы: Бұл билік транзитінің қисынды жалғасы ғана

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін Президентке тапсыру туралы шешімін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атқаратын лауазымына, құқықтарына қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы ұлтымыздың Көшбасшысы – Елбасы, әлем мойындаған қазіргі заманның көрнекті саясаткері, беделді тұлға болып қала беретінін түсіну керек.

Заманауи Қазақстанның негізін қалаған, жанын салып, бүкіл өмірін елге арнаған адамның әрқашан халық мүддесін ойлап, еліміздің болашағы үшін алаңдайтынын бәрі түсінеді деп ойламын. Елбасының бұл ұстанымы өзгермек емес.

Бүгінгі шешім – билік транзитінің қисынды жалғасы ғана. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, әсіресе қазіргі пандемиядан болып отырған жаһандық дағдарыс кезінде «Nur Otan» партиясы Қазақстан Президенті үшін басты тірек болуы керек.

Жарғыға сәйкес, «Nur Otan» партиясының Төрағасын сайлау мен оны лауазымынан босату Партия съезінің ерекше құзыретіне жатады. Оған дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының қызметінде болады», - делінген Айдос Үкібайдың ресми комментариінде.


Соңғы жаңалықтар