13:23, 26 Қараша 2020 | GMT +6
Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен ел чемпионы атанды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қызылордалық Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен ел чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Комитеттің мәліметіне сенсек, Алматыда «Достық» спорт кешенінде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекесі өтіп жатыр.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы) Ернар Фидахметовты (ШҚО) 3:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Аталған салмақ бойынша Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы) пен Дастан Зарлыханов (Ақмола облысы) жарыстың қола жүлдесіне ие болды.