Айдос Сарым Жолдау туралы: Президент хайп қуғандарға жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым Мемлекет басшысының жаңа Жолдауына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдаудың мемлекеттік маңызынан бөлек, соңғы уақытта елімізде орын алып жатқан түрлі жайттарға қатысты Президенттің берген жауабы секілді. Оның Олимпиадаға қатысты, интернет беттерінде жүрген басқа да хайп тақырыпты қуғандарға Мемлекет басшысы өз ойын, позициясын Жолдау арқылы жеткізіп, жауап берді. Жолдаудың жүгі атқарушы және заң шығарушы органдарға түсіп отыр. Мемлекет басшысы жылдың соңына дейін нақты жоспарлар құрумен қатар бірнеше заң қабылдау керектігін тапсырды. Оның ішінде әңгіме бюджетке де қатысты болып отыр. Жолдаудан кейін алдағы 2-3 жылдың бюджеті қайта қаралатын секілді. Себебі Тоқаев ел бюджетінің жүйесіздігін де сынады», - деді Айдос Сарым ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен «Antikor Live» жобасының эфирінде.

Халық қалаулысының ойынша, Мемлекет басшысы Жолдауда қоғамды жиі толғандыратын түйткілдерді көтерді.

«Айтар болсақ, қоғамда жиі талқыға түсіп жүрген, атом энергиясы, жер және тіл мәселесін Президент назардан тыс қалдырған емес. Жолдау ішінде бұрын қозғалмаған тағы бір сәт, зиялы қауым мәселесі. Мемлекет басшысы өз сөзінде зиялы қауымды қолдау керектігін, олар билік пен халықты жалғайтын орта екенін ескертті. Ендігі мақсат - айтылған нәрсені орындау. Президент тапсырмаларына қатаң бақылау орнату керек. Керек жерінде қаттырақ айтып отырған да жөн», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар