+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Айдос Сарым: Жаңа құжатта бейбіт шеруді ұйымдастырушылардың міндеттері айқындалған

2020 жылғы 17 ақпан 13:54
Бөлісіңіз:
Айдос Сарым: Жаңа құжатта бейбіт шеруді ұйымдастырушылардың міндеттері айқындалған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, шеру, пикеттер, демонстрациялық жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы» жаңа заң жобасы қоғамдық кеңесте талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коммуналдық төлемдерді төлеу кейінге шегерілді Алматыда көпқабатты үйлер мен аулалар аптасына екі рет залалсыздандырылады Алматыда коронавирустан екі жасар сәби емделіп шықты

Отырысқа қатысқан сарапшылар жаңа заң жобасы туралы ойларын білдірді.

Саясаттанушы Айдос Сарым бұған дейінгі ескі заңды өзгерту қажеттігі туғандығын айтты.

«Осы кезге дейінгі 1995 жылғы заңда акциялар, бейбіт шерулер дегеннің ешбір түрі, түсі деген болмайтын. Пикетке шықса да, басқаға шықса да 100 адам, 5000 адам шықса да барлығы бірдей сипатталатын. Осы орайда заң шығару органдарына берген ұсыныста осы мәселені әдейі тіздік. Екінші мәселе, қазіргі жаңа заңда 250 адам қатысатын дүниелерге арнайы рұқсат сұрау қажет жоқ. Біздің қазіргі қоғамдық дискуссия, дау-дамайдың бәрі сол 1-2 сөздің айналасында тұр. Рұқсат беру деген сияқты. Негізі бұл заңдық дау емес, саяси дау сияқты», - деді ол.

Саясаттанушы жаңа заңда бейбіт шерулерге қатысты ұйымдастырушылардың, қатысушылардың міндеттері мен құқықтары айқындала түскенін айтты.

«Заңды талқылаған кезде ҚР ІІМ, жергілікті маслихаттардың тағы басқа органдардың жұмысы реттелуі тиіс. Болашақта митинг ұйымдастыру үйреншікті нәрсеге айналады. «Ойбай, анау митинг өткізіпті» деп таң қалмайтын боламыз, өйткені оны екінің бірі өткізетін болады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT