+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Айдос Сарым партиялық жүйе туралы пікір білдірді

2019 жылғы 9 желтоқсан 17:41
Бөлісіңіз:
Айдос Сарым партиялық жүйе туралы пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым еліміздегі партиялық жүйе туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев: Елімізде 12 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі Үкіметтің жұмыс тобы Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездеседі Шымкентте пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу мәселелері талқыланды

«Алдағы уақытта болатын ең үлкен жаңалық - аймақтағы мәслихаттардың партиялық жүйе бойынша сайланатыны. Рас, қоғамда екіұдай пікір бар. Қайтадан бір мандатты округке қайтайық деген пікір айтылуда. Менің ойымша, қазір көзімізді жұмып, партиялық жүйеге өтуіміз керек. Қазір мәселен, Грузияда бүкіл оппозиция бір ғана нәрсені - партиялық жүйеге өтуді сұрап отыр. Өйткені, жеке мандатты органда саяси орынды сатып алу мүмкіндіктері көп. Бір шенеунік 600 млн доллар жұмсап, халықтың несиесін жауып, дауыс жинап, өз партиясының билігін сақтап қалды. Өкінішке қарай, Грузиядағы, Украинадағы транзит бір нәрсені қамтамасыз ете алмады. Біз осыны ескеруіміз керек. Біз әлі советтік қалыптан шыққан жоқпыз «, - деді Айдос Сарым Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының алғашқы нәтижелері туралы ғылыми-практикалық конференцияда.

Сонымен бірге, спикер Парламент, мәслихат, қоғамдық ұйымдар, партиялар сынды мемлекетке тірек болатын институттарды қайта құрып шығу керектігін айтты.

«Біздің басты міндет - осы сайлаудан кейін қоғамның, саяси жүйенің, интернеттің дамығанын пайдалана отырып, қоғамдағы саяси, экономикалық шешімдерді қабылдайтын азаматтардың санын күрт өсіруіміз керек. Басқа жолымыз жоқ. Бізді өте қызық, бір жағынан дағдарысты, екінші жағынан мүмкіндік беретін кезең күтіп тұр деп есептеймін. Сондықтан, қоғам ретінде алдағы сайлауда идеяны таңдауымыз керек. Пікір қозғалыстарына, бағыттарға мүмкіндік беру керек», - деді Айдос Сарым.

Айта кетейік, елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының алғашқы нәтижелері талқыланып жатыр. Оған мемлекеттік органдардың, Қазақстанның ғылыми-сараптамалық қауымдастығының 80-нен астам өкілі қатысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT