Айдос Сарым Қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал саясаттанушы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Айдос Сарым ҚР Қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айдос Сарым 1975 жылы 10 қыркүйекте туған. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін тәмамдаған.

Ол әр жылдары ҚР Мұрағаттар мен құжаттамалар бас басқармасының бас инспекторы, кеңесшісі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, «Ақ жол» партиясының баспасөз-хатшысы, кеңесшісі, «Нағыз Ақ жол» партиясы тең төрағасының кеңесшісі, «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары болды.  ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кеңесшісі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар