Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі-баспасөз хатшысы Айдос Қыдырма қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі- баспасөз хатшысы ретіндегі қызметімді аяқтадым. Тапсырылған сенімі үшін Бақытжан Әбдірұлына, көрсетілген қолдау үшін БАҚ өкілдері мен бірге жұмыс атқарған қызметтестерге үлкен алғыс айтамын», - деп жазады Айдос Қыдырма Фейсбуктегі парақшасында.

Ол қызмет барысында тілектестік білдірген барлық достарына алғыс айтты.

«Алдағы еңбек жолымды дипломатиялық қызметке арнап, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі ретінде жалғастыратын боламын», - дейді А.Қыдырма.

Соңғы жаңалықтар