Айдос Ербосынұлы WBA титулы үшін АҚШ-та рингке шығады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11КО) 5 қарашада АҚШ-тың Миннеаполис қаласында WBA-дің орта салмақтағы тұрақты чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. ҚазАқпарат бұл туралы әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

А.Ербосынұлының қарсыласы – кубалық Давид Моррель (7-0, 6КО).

«Айдос Ербосынұлы қатарынан екі айқас өткізген 2017 жылдан бері алғаш рет АҚШ-та жекпе-жек өткізеді. Б оксшы Қ азақстанның Алматы қаласынан шыққан, ол айқастан кейінгі 9 күннен соң 31 жасқа толады. Ол өткен жылдың 12 қыркүйегінде Астанада Леннокс Алленді оныншы раундта нокаутпен жеңіп, Моррельдің екінші дәрежелі титулына міндетті үміткер позициясына енген болатын», — делінген ақпаратта.

Айдос кәсіби мансабында АҚШ-та тек екі жекпе-жек өткізді. Ол Қазақстаннан басқа, Украинада, Аустралияда, Ресейде және Беларусьте шаршы алаңға шыққан.



Фото:sports.kz





Соңғы жаңалықтар