+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Айдос Ербосынұлы нокаутпен жеңгеннен кейін IBF рейтингінде үздік бестікке енді

2021 жылғы 15 қыркүйек 15:53
Бөлісіңіз:
Айдос Ербосынұлы нокаутпен жеңгеннен кейін IBF рейтингінде үздік бестікке енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартылған рейтинг ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы жарыстың жартылай финалына шықты Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегер  қазақстандықтарды рекордтық ақшалай сыйақы күтіп тұр Бокстан әйелдер құрамасының айналасындағы дау бойынша арнайы комиссия құрылды

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан төртінші орынға көтерілді. Рейтингтің алғашқы екі орны бос тұр, үшінші орынға ресейлік Евгений Шведенко жайғасқан. Бұл деңгейдегі IBF әлем чемпионы – АҚШ өкілі Калеб Плант.

Еске салайық, 12 қыркүйекте Ербосынұлы Нұр-Сұлтанда гайаналық Леннокс Алленмен іріктеу жекпе-жегін өткізіп, оныншы раундта нокаутпен жеңді. Осылайша ол екінші орта салмақтағы WBA әлем чемпионы титулына міндетті үміткер болып отыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT