Айдос Ербосынұлы ең маңызды жекпе-жегінен кейін әлемдік рейтингіде көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Нұр-Сұлтан қаласында «Көшпенділер шайқасында» гайаналық Леннокс Алленді (22-2-1, 14 КО) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін супер орта салмақта Boxrec.com сайтының рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Айдос Ербосынұлы оныншы раундта нокаутпен жеңіп, 32-орыннан 31-орынға көтерілді. Сондай-ақ жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекке үміткер болды.

Еске сала кетейік, бұл титулдың иегері мексикалық боксшы – Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО).

Бұған дейін Ербосынұлының үш белбеуі бар еді: WBC ABC, WBO Global және WBA International. Алайда олардың кем біреуі (WBA) ваканттық болып, ол отандасымыз Бек Нұрмағанбетке (5-0, 3 КО) бұйырды.


Соңғы жаңалықтар