19:11, 18 Наурыз 2022 | GMT +6
Айдос Ербосынұлы әлем чемпионымен айқасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрын жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0) жақын арада келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Давид Морреллмен (6-0, 5 КО) жекпе-жек өткізеді.
Ербосынұлы командасымен бірге АҚШ-та жаттығып жатыр, ол Сауль «Канело» Альвереспен спарринг жасап жүр. Мексикалық та жақын арада ресейлік Дмитрий Биволмен айқасады», - деп хабарлады ресурс.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегі 2021 жылдың қыркүйегінде өткен. Ол оныншы раундта гайандық боксшы Леннокс Алленді нокаутпен жеңген. Содан кейін ол WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер атанды.