Айдар Баталов: Пандемия қазақстандық киноөндірушілердің жұмысына кедергі болған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген екінші питчингтің нәтижесі бойынша, 39 отандық картинаға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілген. Кино орталығының қазіргі жұмысы туралы «Қазинформ» ХАА тілшісіне «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының өндіріс бойынша орынбасары Айдар Баталов баяндап берді.

- Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызмет етіп жатқанына қанша уақыт болды?

- «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы өткен жылы құрылған. 2019 жылдың 03 қаңтарында «Кинематография туралы» Заң қабылданғаны өздеріңізге белгілі, оған сәйкес отандық киноиндустрияны қолдау және дамыту функциялары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрылтайшысы болып табылатын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына, яғни бірыңғай операторға берілген.

- Кино орталығының міндеттері жайлы айтып өтсеңіз.

- Біздің негізгі міндеттеріміз – ұлттық мүдделерге қызмет ететін киножобаларды қаржыландыру, олардың мониторингін жүзеге асыру, инвестициялар тарту және ұлттық фильмдерді ілгерілету болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанда ақша табуға қабілетті, ашық, заманауи кинонарық пен кино индустрияны қалыптастыру біз үшін маңызды. Кино орталығы құрылғаннан кейін фильмдерді қаржыландыру жүйесінің түбегейлі өзгергенін де атап өткен жөн.

- Жобаларды қандай критерийлер бойынша іріктейсіздер және қаржыландырасыздар?

- Кино орталығының питчингіне қатысу алгоритмі келесідей: алдымен жобалар Кино орталығының өзінде алдын-ала іріктеуден өтеді, одан кейін үміткерлер Сараптама кеңесі өткізетін питчингке шақырылады. Режиссерлер, продюсерлер, прокаттау шеберлері, сценарийшілер мен сыншылардан тұратын он бес маман питчингке дейін сценарийлермен танысып, сметаларды зерттеп, питчинг барысында олардың пікірі бойынша ең сапалы деген жұмыстарды анықтайды. Питчинг ашық, яғни онлайн-трансляция режимінде өтеді.

Кейін, іріктелген өтінімдер мемлекеттік аппарат өкілдерінен, депутаттардан, министрлік басшыларынан тұратын ведомствоаралық комиссияға жіберіледі. Бұл жерде киножобалардың қаржы-экономикалық құрылымы мен идеологиялық мазмұны талқыланады. ВАК өз ұсынымын бергеннен кейін ғана ҚР Мәдениет және спорт министрлігі фильмдердің соңғы тізімін бекітеді. Осылайша, ақтық шешімді 30-дан астам адам жұмыла шығарады.

Киножобалардың өзіне келетін болсақ, бүгінгі таңда кинофестивальдерге қатысу әлеуеті жоғары авторлық немесе артхаустық картиналар да, кең көрерменге бағытталған коммерциялық фильмдер де мемлекеттік қолдауға тең дәрежеде үміт арта алады. Бастысы, авторлардың кәсібилігі мен жобалардың көркемдік құндылығы жоғары деңгейде болуы тиіс.

- Осы уақытқа дейін тиімді іске асырылған жобалар жайлы не айта аласыз?

- Біздің киноиндустрияға коронавирус індеті ауыр соққы берді, әрине Кино орталығының жұмысына да әсер етіп, барлық фильмдеріміз бойынша түсіру жұмыстары тоқтатылған еді. Дегенмен, ең бастысы, тұсаукесерлердің шегерілуі, кинотеатрлардың жабылуы, прокаттау саласына берілген соққы да қазақстандық киноөндірушілерді жолдан тайдыра алмады. Қазір біздің картиналар белсенді түрде түсіру кезеңіне өтуде.

Ал прокат жайлы айтатын болсақ, қазір бұл сала бойынша қандай-да бір қорытынды шығаруға ерте. Бірақ, «Каникулы off-line-2» атты Кино орталығының қолдауымен жасалған алғашқы картина отандық прокаттаудан өте сәтті өтті.

- Ұлттық киноны қолдау мемлекеті ашылғаннан кейін қанша жоба жандандырылды? Оның қаншасы сәтті іске асырылды?

- Өзі құрылғаннан бері кино орталығы екі киножобалар питчингін өткізген. 2019 жылғы тамыз айында бірінші конкурстың қорытындысы шығып, 17 киножобаға қаржылық қолдау көрсетілген. Оның ішінде, Ақан Сатаевтың «Боксер» көркем фильмі сияқты кең көрермендер аудиториясына арналған жобалар да, қазақ архаусының мэтрі Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» көркем фильмі сияқты фестивальдік әлеуеті жоғары жобалар да бар. Оған қоса, фестивальдік әлемде танымал режиссерлерге де қолдау көрсетілген: Әділхан Ержанов («Обучение Адемоки» к/ф), Эмир Байғазин («Жизнь» к/ф), Фархат Шарипов («Хардкор» к/ф). Картиналардың бірқатары түсіріліп болған, кейбіреуі прокатқа шығып үлгерген – мысалға, «Каникулы offline-2» фильмі. Ал дайындық кезеңіндегі немесе түсіру кезеңіндегі жобалардың жұмыстарын карантин және төтенше жағдай режимдерінің енгізілуіне байланысты тоқтатуға тура келді.

2020 жылдың мамыр айында екінші іріктеу конкурсының шешімі шықты, ол бойынша 39 киножобаға қолдау көрсетілген, оның ішінде 8 көркем, 7 деректі, 5 анимациялық, 1 артхаус, 2 бірлесіп шығарылатын, 9 қысқа метражды, 5 дебюттік, 1 Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына арналған және 1 «Алыстағы ағайын» конкурсы бойынша фильмдер бар.

Әрине, біз бекітілген жобалардың барлығын тезірек іске қосуға Безусловно, в наших общих интересах как можно быстрее запустить все одобрен мүдделіміз. Сонымен қатар, туындаған форс-мажорлық жағдайлар, жалғасып жатқан карантиндік режим жұмысқа ішінара кедергі келтіруде.

- Қай бағыттағы киноға көп көңіл бөлесіздер? Әлде, іріктеу барлығына бірдей ме?

- Іріктеу барлығына бірдей. Кино орталығы кинематографистерге жанр таңдау мәселесіне келгенде ешқандай шектеу қоймайды. Тағы да атап өтейін, түрлі жанрдағы, яғни көркем, қысқа метражды, деректі, анимациялық, халықаралық бірлесіп шығарылатын 39 картинаның бір уақытта өндіріске кірісуі елімізде бұрын-соңды болмаған жағдай. Оған қоса, біз авторлық кино түсіретін жеке студиялар мен дебютанттарға да өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік. Бұл Қазақстанның барлық киноиндустриясына мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау.

- Мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетілгеннен кейін ол қаражаттың дұрыс бөлінуін қадағалайсыздар ма?

- Шығарылуына қаржы бөлінген киножобаның өндіру процессін біз толықтай бақылауға аламыз. Бақылау бюджет шығыны, фильм шығару және монтаждау кезеңдерінде жүзеге асырылады. Біздің мақсатымыз – елімізде және шетелде көрсетуге ұялмайтындай жақсы өнім шығару.

Бұл жерде тағы бір маңызды нәрсе, Кино орталығының қосымша құралдары бар. Кино орталығы саланы одан әрі дамыту үшін біздің фильмдерді прокаттаудан түсетін кірістің 20%-ын алады. Сондықтан, шығарылатын фильмдердің көрермендік әлеуетінің жоғары болуы біз үшін маңызды. Сондай-ақ, біз шетелдік кинокомпанияларға субсидия береміз. Бұл жағдайда, Қазақстан аумағында жұмсалған қаражаттың 70%-ы бюджетке түседі, ал 30%-ы біздің шетелдік әріптестерімізге қайтарылады.

- Аудиторияға қандай жобалар қызықты деп ойлайсыз және неге?

- Ең бастысы, соңғы жылдары біздің көрерменіміздің қазақстандық фильмдерге деген қызығушылығының артып жатқаны қуантады. Жалпылама қарайтын болсақ, киноға негізінен жастар баратынын ұмытпаңыз, олар фэнтези, экшн, анимация және комедия жанрындағы фильмдерге қызығушылық танытады. Ал қазір бізде үлкен сұранысқа комедиялар ие екенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Кино орталығы жобаларының тізімінде танымал режиссерлер Асқар Ұзабаев пен Асқар Бисембиннің жаңа картиналары бар.

- Анимациялық фильмдер питчингке қатысқанда, қаржылай қолдау / грант ұтып алу үшін ең алдымен неге басты назар аудару қажет?

- Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы отандық анимация ұзақ уақыт бойы шетелдік табысты жобалардың көлеңкесінде жүрді. Көрермендер ерекше байқаған жобалардың бірі «Ер Төстік пен Айдаһар» атты алғашқы 3D-мультфильм болды, кейіннен жарыққа шыққан «Күлтегін» мен «Мұзбалақ» атты толықметражды мультфильмдер ілгерілету стратегиясының жоқтығынан қазақстандық прокатта аса көріне қоймады.

Осылайша, отандық мультипликация үлкен экранда көріну мүмкіндігінен айырылып, толығымен телевизиялық форматқа ауысып кетті. Анимациялық кино – өскелең ұрпақтың бойындағы көрермен санасын қалыптастыратын ең тиімді құралдардың бірі екендігін ескере отырып, Кино орталығы қазақстандық анимацияны дамыту мәселесіне көп көңіл бөліп отыр.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесі 2020 жылы өткен екінші питчингке «анимация» жанрында тапсырылған барлық өтінімдердің болашағы зор екенін атап өтті. Питчинг қорытындысы бойынша, бес анимациялық фильмге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. По итогам питчинга финансирование получили пять анимационных фильмов. Олардың ішінде «Алтын адам, «Кенже қыз», «Колыбельная», «Еркетай» мультфильмдері және «Караван Историй» анимациялық сериалы бар.

- Отандық анимациялық кинода бәсекелестік бар ма? Жылына қанша анимациялық жобалардың тұсаукесері өткізіледі?

- Қазақстанда бірқатар анимациялық студиялар қызмет етеді, оның ішінде «Адай Продакшн анимациялық студиясы», «Dala animation», «Art Maral», «Ырысы Ақ Қазақстан» компаниялары бар. Дегенмен, анимацияны шығаратын ең ірі орталық «Қазақфильм» киностудиясының жанындағы «Анимациялық кино» шығармашылық бірлестігі болып табылады. 1991 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясы 67-ге жуық анимациялық фильмдерді шығарған (оның ішінде 1 анимациялық сериал және 1 толықметражды анимациялық фильм).

- Анимациялық жобаны / мультфильмді шығарудың күрделілігі неде?

- Заманауи анимациялық фильм – өте күрделі әрі қымбат процесс. Қиын емес деген толықметражды мультфильмнің бюджеті 5 миллион доллардан асуы мүмкін, ал алдыңғы қатарда болатын анимацияны жасау құны 50 миллион доллардан кем емес. Сонымен қатар, анимациялық жобада жұмыс істейтін мамандар саны 300 адамға дейін жетеді. Қайталап өтейін, бұл көптеген IT шешімдермен, күрделі компьютерлік графикамен байланысты қиын процесс.

- Анимациялық фильмді немесе сериалды шығару үшін қанша уақыт кетеді?

- Аниматорлар орындалуына көп уақыт кететін тапсырмалармен жұмыс істейді, сондықтан бір мультфильмді жасау процесі бір жылдан үш жылға дейін созылуы мүмкін.

- Шетелдік аудиторияға біздің отандық анимация қаншалықты қызықты?

- Анимация бағытының көшін «Еркетай» жобасы бастайды – Khan Comics компаниясының комиксінің экранизациясы. Еркетай мен оның достарының басынан өткерген шытырман оқиғалары туралы комикстер Қазақстанда ғана танылып қоймай, Орта Азияның басқа да елдерінің балалары мен ересектері арасында өз жанкүйерлерін, сондай-ақ Қытайда оқырмандарын тапқан. Осы деректі ескерсек, толықметражды мультфильм халықаралық прокатқа шығып, толыққанды мультипликациялық франшизаның бастапқы алаңына айналуы әбден мүмкін.

«Караван историй» мультсериалының авторлары да білім беру бағытын қамтиды, оны Ұлы Жібек жолы арқылы өтетін қиял-ғажайып саяхаты ретінде, қазіргі заманғы технологияларды ежелгі дәстүрлермен және сиқырмен үйлестіре отырып көрсетеді.

Фестивальдік жетістікке жетуді көздейтін авторлық анимацияға келетін болсақ, бұл бағыттың осы жолғы қатарын «Колыбельная» атты қысқа метражды мульфильммен Dala animation компаниясы тәмамдайды. Мультфильмнің режиссері әрі продюсері Дильшат Рахматуллиннің айтуынша, жоба ұлттық ерекшеліктерімен, көргендерінен ой түйіп, мағынасын іліп ала алатын балаларға, яғни 6+ аудиториясына арналған сюжетімен, мифологиясымен Ivi және Netflix секілді платформаларға қызықты болады.


Соңғы жаңалықтар