Айдаһар үңгірі: Дерттен құлан таза айығып кетесің

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Үлгілі ауылы маңында өңірдің киелі нысандарының картасына енген «Айдаһар үңгірі» тауы бар. 

Бұл жер туристер мен өңір тұрғындарының энергиялық күш алу үшін келетін қасиетті орны ретінде елге танымал. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Серік Ысқақов атып берді.

Оның сөзінше, «Айдаһар үңгіріне» ақырындап төмен түскеннен кейін көз алдыңызда керемет көрініс пайда болады. Үңгірдің ұзындығы 270, ені 70, биіктігі 35 метр шамасында. Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Үңгірге кіре бергенде қарағай мен көк жапырақты қайыңдар бой көтерген. Бұл маңайдағы жерде ағаштың көп екендігін ескерсек, таңғалуыңызға күмәніміз жоқ. Осы жапырақтардың арасымен таралған, үңгірдің суық та қабырғалары дымқыл болғанымен күн сәулесі үңгір ішіне ерекше жарық береді. Ең керемет деген фотокамераға түсірілген ең сәтті фотосурет бұл сұлулықты сол қалпында бере алмас.
null

«Жергілікті тұрғындар бұл үңгірді кездейсоқ тауып, осы үңгірге бару үшін бірнеше шақырым жүріп, табиғат пен желдің дыбысын есту үшін келеді. Бұл үңгірді сақтаушы «киелі орын» деп атаған. Оның қасиеттілігі ағзаны және адам денсаулығын тазарту үшін өте пайдалы болып келеді. Бұл жерде психикалық аурулармен ауратын адамдар емделеді, үңгір шығармашылық адамдар үшін рухани қызмет орыны болды.

Оның аумағы үлкен емес, бірақ оның ішіне кіргенде соншалықты үлкен тіпті, айдаһар оған кіре алады. Бұл жер тек табиғаты жағынан ғана ерекше емес, бұл жер көптеген жылдар бойы мыңдаған дұға-тілектердің жиналған жері... Жергілікті тұрғындар бұл үңгірді қасиетті деп санайды және ол жай ғана пайда болған жоқ. Мүмкін осыдан «Айдаһар үңгірі» деп атап кеткен шығар», - деп түсіндірді Серік Ысқақов.

Осы тарихи орын туралы жергілікті ақсақалдар арасында қалған аңыз әңгіме де бар. Аңызға сәйкес, бұл үңгірде ертеде бір емші адам тұрыпты. Оның алдына барып емделу оңай болмапты. Ал, жолы түсіп, көрінген адам бойындағы кез келген дертінен құлан таза айығып шығады екен. Кейін емші дүниеден өтіп, оның бойындағы қасиет пен күш энергиясы осы жерде қалған деседі. Сол себепті, бұл жерге барған адам ауруынан тез жазылып кететін көрінеді. Қазіргі кезде, «Айдаһар үңгіріне» жету оңай әрі ондағы энергияның адам бойына оң әсер ететіндіктен келушілердің саны да соңғы кездері арта түсуде. 

Соңғы жаңалықтар