«Айбын-2021» әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өткен I республикалық жас патриоттар форумының аясында «Айбын-2021» әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жас Сарбаз – жас тілшісі» номинациясы бойынша Шымкент қаласы «Жас Ұлан» республикалық ерлер мектебінің оқушысы Ернұр Асланбек, «Онтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Жас артеллерист» әскери-патриоттық клуб мүшесі Валерия Черевко марапатталды.

Сондай-ақ, «Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында үздік танылғандар марапатталды. Олар:

Жеке тәртіп бойынша 1 орын – Қарағанды қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-бөбекжайдың тәрбиеленушісі Руслан Атантаев;

Аймақтар арасында 1 орын – Түркістан облысының «Барыс» әскери-патриоттық клубы;

Әскери мекемелер арасында 1 орын – Нұр-Сұлтан қаласының С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі.

ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскери құралымдары арасында 1 орын – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Жас артиллерист» әскери-патриоттық клубы;

«Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының Бас жүлдесі – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Жас артиллерист» әскери-патриоттық клубы.

Ал «Үздік жас сарбаз» номинациясын Түркістан облысы «Төлеби тарландары» әскери-патриоттық клубының өкілі Сәуле Ахметова жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар