Айбол Әбікен допингке байланысты футболдан үш жылға шеттетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы мен «Ақсу» командасының ойыншысы Айбол Әбікен допингке байланысты футболдан үш жылға шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айбол Әбікеннің Ұлттар лигасының ойыны аясындағы Молдовамен кездесуге дейін алынған сынама оң болып шықты. Ол арада біраз уақыт өткеннен кейін тапсырған В сынамасы да дәл сондай нәтижені қайталады. Салдарынан ол алдағы үш жыл бойы ресми ойындарда алаңға шығу құқығынан айрылды.

Айбол Әбікен 1996 жылдың 1 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген. Футболшылық мансабын 2016 жылы сол қаланың «Қайрат» командасында бастап, онда 79 ойында 10 гол соқты. 2022 жылы Павлодар облысының «Ақсу» клубында 6 ойында 3 гол соғып үлгерді.

Ұлттық құрама сапында 14 кездесуде 1 голдың авторы атанды.

Айта кетсек, бұған дейін допингке байланысты ел құрамасынан үшінші ойыншысы футболдан шеттетіліп отыр. Бұған дейін 2019 жылы Бауыржан Исламхан, 2020 жылы Руслан Валиуллинге осындай жаза тағайындалған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде 11 cатыға жоғарылады.



Соңғы жаңалықтар