Айбек Смадияров Ресей СІМ ресми өкілінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Украина Сыртқы істер министрлігінен Астанадағы жаңа елшіні тағайындау туралы өтініш түсті. Бұл туралы ҚР Сыртықы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Мәжілістегі брифингіде А. Смадияров Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың Украина Елшісінің Қазақстаннан «шығарылуына» қатысты түсініктемесіне пікір білдірді.

«Оның мәлімдемесінің өзегі Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық серіктестер ретіндегі одақтастық қатынастарының сипатына қайшы келетінін атап өткім келеді. Өздеріңіз білетіндей, Украина тарапына, сондай-ақ жұртшылыққа Врублевский мырзаның арандатушылық мінез-құлқына қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ұстанымы жеткізілді. Мұнымен қоса, Украина тарапына Петр Врублевскийдің қазақстандықтардың, әсіресе, этникалық орыстардың сезімдеріне нұқсан келтіретін қолайсыздығы туралы айтылды», - деді ҚР СІМ ресми өкілі

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Украина Сыртқы істер министрлігінен Астанадағы жаңа елшіні тағайындау туралы өтініш түсті. Украина жағымен осы мәселе бойынша бізде толық түсіністік бар және екі жақта да барлық келісімдер орындалды.

«Украина елшісінің елімізде «жағымсыз» мәртебесі бар екенін және оның Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде немесе басқа да мемлекеттік ведомстволарда қандай да бір кездесулері жоспарланбағанын хабарлаймыз», - деді Айбек Смадияров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл тамыз айында Украина Елшісі Петр Врублевский блогерге сұхбатына қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Фото:gov.kz




Соңғы жаңалықтар