Айбек пен Еламанның күресі: Жеңіс - 2013 жылғы «Қазақстан барысында»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлем барысының» ширек финалында «Қазақстан барысы» атағын алған қос балуан Айбек Нұғымаров пен Еламан Ерғалиев өзара күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ширек финалда кездесіп қалған балуандар өмірде дос болғанымен күресте нағыз бәсекелестікті көрсете білді. Алғашқы бүк ұпайды алған Еламан мұрынынан жарақат алып қалды. Бірақ кездесу тоқтап қалған жоқ. Әккі әдіспен екінші бүк ұпайды иеленген Еламан өзінің мықты дайындықпен келгенін дәлелдеп берді.

Кездесудің бел ортасында Еламанның пайдасына тағы жамбас әдісі қолданылған ұпай берілді. Алайда Еламанның тағы бір әдісі сәтті іске аспай, Айбекке жартылай жеңіс берілді. Кездесудің соңы тартысты бәсекеге ұласқанымен, Еламан лайықты ұпайға қол жеткізе алмады.

Еске сала кетсек, Қазақстанның тағы бір балуаны Ержан Шынкеев ширек финалға өткен болатын. Ал тағы екі балуанымыз Айбат Сейтен менДәурен Нұралинов қарсыластарынан жеңіліп, «Әлем барысындағы» жарыс жолын аяқтады.

Соңғы жаңалықтар